Оралға Ресейден дизель отыны жеткізіледі

БҚО-дағы жанармай құю бекеттерінде дизель отынының небәрі 2000 тоннадай қоры қалған.

Бұл екі-үш күнге ғана жетеді. Алдағы аптада аймаққа Ресейден жанармай жеткізіледі. Күзгі жиын-терім науқанына байланысты елімізде дизель тапшылығы байқалған еді. Сондықтан батыс қазақстандық жанармай операторлары Ресейдегі мұнай зауыттарына тапсырыс бере бастады. Қазір аймақта дизель отынының орташа бағасы 200-289 теңге аралығында. Ресейлік отын құны айтарлықтай қымбат. Сондықтан бұл жағдай көлік тасымалымен жеткізілетін барлық өнім түрлерінің шарықтауына әкелері сөзсіз, дейді мамандар.

Николай Фролов, жанармай бекеттері желісінің құрылтайшысы:

- Жанармай бағасы Ресейден босатылатын мөлшерге жақындап қалды. Сонымен қатар Ресейден тасымалдау мәселесі шешілді және кешікпей өңірге жеткізіле бастайды. Жер қойнауын пайдаланушылар сатылымға шығарылатын міндетті норманы 10 проценттен 20 процентке арттыру мәселесін қайта қарауы тиіс деп санаймын. Ең болмаса жағдай дұрысталғанша осы көлемді 20 процентке ұлғайта тұру қажет.

Қайрат Мұхамбетқалиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Алдағы аптадан бастап жанармай құю бекеттерінің көбі қалыпты жұмыс ырғағына көшеді деп ойлаймыз. Ресейлік отынның құны әуелден қымбат. Сондықтан жанармай бағасы қымбаттайды. Әрине бағаны негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Өйткені монополияға қарсы комитет пен тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер бағаны негізсіз қымбаттатудың қандай да бір дерегі анықталса тиісті шалар алынады.

Сондай-ақ...