Елімізде мұнай өндірісі азаяды

Алдағы 5 жылда елде мұнай өндіру көлемі айтарлықтай азаюы мүмкін.

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай дейді. Алайда ол алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Өйткені 2028 жылға қарай қара алтын өндірісін 19 жарым миллион тоннаға дейін жеткізуге болады екен. Ол үшін Маңғыстау өңіріндегі жаңа мұнай өндіру орындарын іске қоспақ. Инвесторлар Хазар мен Қаламқас теңіз-кен орындарын игеру үшін 4 жарым млрд доллар жұмсауға дайын. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары да ашылады дейді ведомство басшысы.