426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бидай өсірушілер баж салығына түбегейлі қарсы

  • 81
  • UPD: 11:42, 11.10.2021
Бидай өсірушілер баж салығына түбегейлі қарсы

Бидай өсірушілер БАЖ салығына түбегейлі қарсы. Егер салық енгізілсе егіншілер 307 миллион доллар табыстан қағылады деп санайды.

Олардың есебінше, былтыр бұл тәжірибені Ресей қолданып көрді. Соның кесірінен қарапайым шаруалардың табысы 2 миллирд долларға азайды. Оның үстіне елде астық өтпей қалады деп алаңдайды. Нарыққа жаңа ережені енгізу ежелден келе жатқан сауда әріптестерімен қатынасты үзуі мүмкін. Олар арзан нарық іздеп кетеді. Сонда Қазақстан бидайды да, ұнды да сататын ел  таппай қалады деген пікірде. Биыл қыркүйектің өзінде бидай экспорты былтырмен салыстырғанда 30 процентке кеміген. Астық өсірушілер одағының ресми өкілі Евгений Қарабановтың айтуынша, қазір бидайдың құны шегіне жетті. Одан әрі қымбаттай қоюы екіталай. Ал ішкі нарықта нанның бағасын Азық-түлік корпорациясы арқылы тұрақтандыруға болады.

Евгений Карабанов, Астық өсірушілер одағының ресми өкілі: 

- Ішкі нарықты нан және макарон өнімдерімен толық қамту үшін 700 мың тонна бидай жетеді. Бұл Қазақстанның экспорт әлеуетінің 10 проценті ғана. Астық өсірушілер одағы осы он процентті Азық-түлік корпорациясына биылға бекітілген 105 мың теңгемен беріп қалғанын нарықта қалыптасқан баға бойынша сатуы тиіс. Сонда елде ұн да қымбаттамайды. Шаруалар да артық салық төлеп, табысынан айырылмайды.  

Биыл Азық-түлік корпорациясы 760 мың тонна бидайды сатып алуға келісім-шарт жасасып қойды. Бұл мақсатқа бөлінген қаржы былтырмен салыстырғанда 63 процентке көбейген. Осылайша корпорация жиын-терім кезінде астық қорын қалыптастырды. Ол ішкі нарықта диірмендер мен өзге де азық-түлік өндірісіне деген сұранысты қанағаттандырып, мал азығының тапшылығын болдырмайды деп жоспарланған. Яғни нарықта баға құбылғанда, қордағы астық шығарылып, тұрақтылықты сақтауға тиіс.

130 ел дүниежүзілік салық туралы келісімге келді 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттер әлемдік компанияларға бірыңғай салық енгізу туралы келісімілге келді. Яғни Facebook, Apple,  Google, Amazon,сынды бүкіл әлемде қызмет көрсететін алпауыт корпорациялар табысымен бөліседі. Құжатты 140 елдің 136-сы қолдады. Есеп бойынша салықтан 125 миллиард доллар қаржы жиналып, мемлекеттер арасында бөліске түседі. Сарапшылар мұны 21-ғасырдағы салық төңкерісі деп атады. Десе де кедейлікпен күрес жүргізетін Oxfam халықаралық ұйымы салықтың 15 процент көлемінде белгіленуін әділетсіз деп, келісімді сынға алды. Олардың айтуынша, бұл тым аз. Салықтан түскен қаржы кедей елдерге мүлде жетпей қалуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы