Елде азық-түліктің қымбаттауы инфляцияны арттырды

Инфляцияның өсуі қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған азық-түліктің қымбаттауы әсер етіп жатыр. Бұл туралы бүгін премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді. Өткен айда инфляция 8,9 процентті құрады. Бағаның шарықтауы Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 34,4 процентке артты. Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика, құрылыс материалдары және дайын метал шығару салаларында тұрақты өсім бар. Негізгі көрсеткіштер бойынша Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы алда болса, Батыс Қазақстан өңіріндегі ахуал көңіл көншітпейді.