425,95 492.05 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

  • 50
  • UPD: 17:57, 12.10.2021
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды primeminister.kz

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды.

Үкіметте ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ЭЫДҰ-ның жаһандық қатынастар жөніндегі хатшылығының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон кездесу барысында осы мәселені талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұлттық даму жоспары ел саясатын ЭЫДҰ стандарттарына жеткізуді және 2025 жылы ұйымға мүшелікке өтуге өтініш дайындауды қарастырады.

Премьер-министрдің орынбасары Ә.Смайылов ұзақ мерзімді серіктестікке жаңа серпін беру үшін ынтымақтастықтың жаңа форматы ретінде Action Plan әзірленіп жатқанын, онда өзара әрекеттесудің нақты бағыттары болатынын атап өтті.

«Біз Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарын дамыту үшін ұйыммен тығыз байланысты жалғастыруымыз керек. Біз ұлттық статистика мен сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ынтымақтастықтың оң тұстарын көріп отырмыз. Сонымен қатар бизнес ортаны дамыту, инвестициялар тарту, тиімді мемлекеттік басқару, заңдылықты қамтамасыз ету сияқты бағыттарды қамту қажеттілігі жоғары», – деді Ә.Смайылов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар аймақтық бастамаларының белсенді қатысушысы. Атап айтқанда, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия үшін экологиялық іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі арнайы жұмыс тобы және табиғи ресурстарды пайдалануға негізделген даму мәселелері бойынша саяси диалог тәрізді жобаларды қолдауда.

Хабар 24 телеарнасы