Қазақстан Ауғанстанға бидай және ұн экспорттайды

Бұл елдегі саяси ахуал екі арадағы сауданы тоқтатқан болатын.

Біраз уақыт банкаралық транзакциялар мен теміржол қатынасы тоқтап қалды. Енді проблемалар шешілді.

«Транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді» деп хабарлайды Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Бұдан әрі де жалғасады.

Еске салайық, Ауғанстан - қазақстандық бидай мен ұнның басты және дәстүрлі нарықтарының бірі. Былтыр бұл елге 2 млн тоннадан астам астық экспортталған. Жыл сайын Қазақстанның сыртқы нарыққа 7 млн тонна бидай мен ұн сататынын ескерсек, Ауғанстан нарығының айтарлықтай маңызға ие екенін аңғаруға болады.