Мұнай баррелі 100 долларға жетуі мүмкін

Қара алтын бағасы қымбаттады. Әлемде Brent маркалы мұнай баррелі 86 долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропа мен Азиядағы газ бен көмір тапшылығына байланысты қуат генерациясына сұраныстың артуы мұнай құнына әсер еткен. Бұған дейін сарапшылар мұнай баррелі 100 долларға жуықтайтынын болжаған. Бірақ бұл баға әрі ұзамайды. Әзірге нарықта қара алтын қоры таусылып барады. Ал шаршы метрі 1000 долларға жеткен газ керісінше арзандай түсті. Биржадағы сауда нәтижесінде өнім құны 983,5 долларға бағаланды.