Биыл елімізде 9 айда 23 мыңға жуық құйма алтын сатылды

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары  822,9 кг өлшенген 22 837 құйма сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен айда 2 578 салмағы 108,3 келі болатын құйма сатылған. Халық үшін тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосылған болатын. Осы кезден бастап, жалпы салмағы 2,4 тонналық 65 416 алтын құйма сатылды.

Айта кетейік, алтын құймалардың 5,10,20,50 және 100 г салмақтағы бес түрі сатылады. Ал сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие – 10 және 100 грамдық құйма. Бағдарлама басталғаннан бері 10 грамдық құйманың 18 672 данасы, 100 грамдық құйманың 15 мыңнан аса  данасы сатылған.

Жалпы, алтын құймалар - инвестицияның сенімді құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы жоғары сатылымды қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі – екінші деңгейлі банктер мен банктік емес ұйымдар тұтынушыға ақшаны тапсырған күні төлеп, алтын құйманы кері сатып ала алады.

Осы бағдарлама аясында Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жалпы салмағы 21,9 келі өлшенген 229 құйманы кері сатып алуға қабылдады. Солай бола тұра, екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері 236,9 кг өлшенген 9 484 құйманы кері сатып алған. Бұл жалпы құймалардың 14 пайызын құрайды. Қабылданған құймалардың барлығы Ұлттық Банктің аумақтың филиалдарына қайтарылмастан халыққа сатылады.