ArcelorMittal компаниясы көміртекті бейтарап бағытты ұстанатын болады

ArcelorMittal (АрселорМиттал) енді көміртекті бейтарап бағытын ұстанады. Компания бұл мақсатты 2050 жылға дейін орындауды көздеп отыр. Германия, Бельгия, Испания және Канададағы құрылымдар аталған бастаманы қолдау үшін жергілікті органдармен келісімге келді. Енді еліміздің Үкіметімен де тиісті мәмілеге келу жоспарда бар.

ArcelorMittal (АрселорМиттал) компания шығарындыларды 2030 жылға қарай 25%-ке азайтуды жоспарлап отыр және 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздейді. Бұл туралы  Astana Mining and Metallurgy Congress отырысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир мәлімдеді. Компания Қазақстан Республикасының Үкіметімен осындай келісім жасасуға үміттенеді.

Биджу Наир, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры:

- Көміртекті бейтараптық  - бұл біздің ортақ жауапкершілігіміз және өте маңызды мақсатымыз. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптылықты қамтамасыз ету бойынша нық міндеттемелерді өзіне ала отырып, басқа елдермен салыстырғанда сенімді көшбасшылық танытып отыр. 

ArcelorMittal алдында нольдік көміртегі ізімен болат шығара алатын технологиялық шешімдерді қолдану міндеті тұр. Мәселен, сынықтар негізінде болат өндіру болып табылады. Немесе темір рудасынан болат өндіру кезінде жасыл технологияларды пайдалану. Және болаттан көміртекті алу технологиясын қолдану.

Биджу Наир, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры:

- Көміртекті ұстау және сақтау технологиясы әлі де жаңа болып табылады. Оны пайдалану және енгізу компаниядан және үкіметтен айтарлықтай ресурстарды тартуды талап етеді. Алайда бұл шығындардың барлығы оның экономикалық және әлеуметтік құндылығының арқасында өтеледі. Кәсіпорындар жұмыс орындарын және қызметкерлерін қысқартпай, сондай-ақ экологиялық қолайлы жағдайда жұмысын жалғастыра алады. 

Елде ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) белсенді дамып келеді. Бұл технология тұрақты көміртекті бейтарап жолды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек металлургия және тау-кен өнеркәсібін, әсіресе көмір және мұнай-газ салаларына қолдау болады.

Наргиз Бекмағанбетова