Қазақстан мен Венгрия қаржылық байланысты нығайтады

Қазақстан мен Венгрия қаржы-банк құрылымдық байланысты нығайтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығында бұл ел банкінің өкілдігі жұмыс істейді. Бұл туралы Асқар Мамин мен Венгрия премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Михай Варганың кездесуінде айтылды. Жиында еліміздің үкімет басшысы Орталық және Шығыс Еуропадағы ең дамыған экономикалардың бірімен өзара тығыз қатынас орнатудың маңызына тоқталды. Өзге салалар да тыс қалмайды. Таяуда Нұр-Сұлтан - Будапешт бағыты бойынша тұрақты тікелей әуе қатынасы жаңартылды. Енді Алматы қаласы мен Венгрия астанасы арасында тікелей рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.