Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,75%-ке дейін көтерді.

Бұл шешім экономикадағы инфляциялық қысымның сақталуымен байланысты.

Еске салайық, биыл ол 7,5-8,5% аралығында болады деп болжанған. Бірақ инфляция деңгейі бұдан жоғары мәнде қалыптасып келеді. Сонымен қатар Ұлттық банктың бұл шешіміне әлемдік нарықтағы бағаның өсуі, сауда серіктес елдердегі инфляцияның жеделдеуі және Ел ішіндегі жоғары инфляциялық күтулер әсер еткен. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруынан тұтынушылық белсенділік қалпына келуде. Мұнай нарығындағы қазіргі жағдай оң бағаланады. Тұтастай алғанда, Ұлттық Банк 2022 жылы инфляциялық дәлізге 4-6%-пен кіру үшін ақша-кредит саясатын қалыпқа келтіруді жалғастырып жатыр. Бірақ бұл мақсатқа оған қол жеткізу Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларды тиімді іске асыруына байланысты.