Кәсіпкерлердің 50% өз ісін қарызға ашқан

Қазақстандағы әрбір алтыншы кәсіпкер өз ісін ашуға қажетті қаражаты болмаған және ол үшін қарыз ақшаны пайдаланды.

Бұл ретте кәсіпкерлердің төрттен бірі бизнесті бастау үшін жылжымайтын мүлкін кепілге қойып ақша алды. Бұл IDF Eurasia тобының зерттеуі. Сауалнамаға 15 мың шағын бизнес өкілі қатысты.  Олардың 21%-і бизнестің басында туыстары мен таныстарынан ақша алуға тура келді деп хабарлады. Алайда сұралған кәсіпкерлердің негізгі бөлігі қаржы ұйымынан кредит алуды жөн көрді: бизнесмендердің 25%-і меншікті жылжымайтын мүлік кепілімен кредит ресімдеді, ал 20%-і қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредит. Кейбір кәсіпкерлер қаржыландырудың балама тәсілдерін сәтті қолданды. Респонденттердің 5%-і бизнесті дамытудың түрлі қорларының гранттарын алды, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің 3%-і краундфандинг арқылы ақша тарта алды, 2%-і инвесторлар таба алды және жаңадан бастаған кәсіпкерлердің тек 1%-і венчурлік қорларда көмек алды. Жалпы алғанда сауалнамаға қатысушылардың үлкен үлесі ақшаны дұрыс басқара алды және табысты бизнес құра алды. Бұл ретте кәсіпкерлердің 85%-і бизнесті дамыту үшін қарыз қаражатын одан әрі де пайдаланатындарын, ал кәсіпкерлердің 15%-і кредитті өтегеннен кейін қайтадан ақша алуды жоспарламайтындықтарын мәлімдеді.