Мембағдарламалар арқылы 1 миллион қазақстандық жұмысқа орналасты

Биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы 1 миллион қазақстандық жұмысқа орналасты.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Ресми статистикаға сүйенсек, елде жұмыссыздық деңгейі 5 проценттен аспайды. Жастар арасында бұл көрсеткіш 3,7 процентті құрап отыр. Биыл электронды еңбек биржасында 5 мың адамға арналған тегін онлайн курстар ұйымдастырылды. Ведомство басшысы бұл қызмет әлі де жалғасын табады деді. Ал 2025 жылға дейін 150 мың адам кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренуге мүмкіндік алады. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асырамын дегендерге мемлекет тарапынан грант беріледі.