Елімізде ірі бизнестен салық түсімі артты

Ірі бизнес нысандарынан бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36 процентке көп. 

Айта өтейік, елде мұндай ауқымды компаниялар саны 343 болса, оның 98-і жер қойнауын пайдаланушылар. Қалғаны экономиканың түрлі секторларында ірі салық төлеушілер. Олар қазынаның жартысына жуығын толтырып отыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары 9 айдың қорытындысы бойынша ең ірі көлемде салық төлеген компанияларды да атады.  

Ануар Сүлейменов, ҚР ҚМ МКК департаментінің директоры: 

- Түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру саласында жақсарту кезеңіне келді. Тоғыз айда 34 салықтық тексеру жүргізілді. Нәтижесі бойынша 46,5 млрд теңге салық пен өсімпұлдар қоса есептелді.