434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

  • 128
  • UPD: 16:11, 28.10.2021
Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкінің атқарған жұмыстарының нәтижелері мен орта мерзімдегі жоспарлары туралы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық болжамдары жөнінде мәлімет берілді. Банк сарапшылары Қазақстандағы экономикалық өсімнің оң қарқыны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен салыстырғанда ең жоғары деңгейде болады деп болжап отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің 2022-2026 жылдарға арналған Стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты. Атап айтқанда, Николай Подгузов Президентке Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа де елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды мегажобалар туралы айтты.  

Банк «Солтүстік – Оңтүстік», «Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәліздерін ашуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, бірыңғай тауар өткізу желілерін құруға және Орталық Азия су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға көмектесуге ниетті. Еуразиялық даму банкі аталған жобаларға 1,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр. Жалпы банк 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына кем дегенде 3,8 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті.  

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің интеграциялық үдерістерді дамытудағы белсенді рөлін атап өтіп, Қазақстанға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа да елдерге қатысты жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты. 

Хабар 24 телеарнасы