434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда азық-түліктің қымбаттауы баяулады – Мамин

  • 141
  • UPD: 17:55, 30.10.2021
Қазақстанда азық-түліктің қымбаттауы баяулады – Мамин

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің цифрлық кеңсесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Орталық мемлекеттік орган басшылары мен облыс әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Өткен аптада баға 0,1%-ке өскен. Бұған жұмыртқа бағасының 0,7%-ке және қырыққабаттың 0,8%-ке қымбаттауы әсер етті. Ал пияз 0,9%-ке, қарақұмық жармасы 0,6%-ке және сиыр еті мен макарон өнімдері 0,1%-ке арзандаған. Сүзбе, сәбіз, күнбағыс майы, күріш және қант бағасы өзгерген жоқ. Жалпы өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 46 млрд 100 млн теңгеге жетті. 373 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ке артық. Үкімет басшысы баға тұрақтылығын сақтау және инфляцияға қарсы кешенді шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы