Әлемде 2 млн көлікке тапшылық туындайды

Алдағы бес жылда әлемде жыл сайын 2 млн көлікке тапшылық туындайды. Микрочиптердің жетіспеушілігінен биыл жоспарлы өндірістің 10 проценті орындалмай қалуы мүмкін.

Бостон сарапшыларының есебінше, жаһандық нарық 210 млрд доллардан қағылады. Микрочиптердің дені Оңтүстік-Шығыс Азияда өндіріледі. Әлемдегі болат пен алюминийдің қымбаттауы да автоөндіріске кесірін тигізген. Салдарынан темір тұлпар құны көтеріліп жатыр. Соған қарамастан сұраныс белсенді. Қазақстанның өзінде жыл басынан бері 86 мың жаңа көлік сатылды. Оның 65 проценті отандық өнім. Ал дилерлер көктемге дейін тапсырыс қабылдауды тоқтатып қойды. Өйткені сұраныс өндірісті екі орап кетеді. Қазіргі тапсырысты толық өтеу үшін жарты жылдай уақыт керек.

Артур Мискарян, «Қазавтопром» басқарма төрағасының орынбасары:

- Ең басты мәселе микрочиптердің жетіспеушілігі. Микросхемалар негізінен компьютер, медициналық жабдықтар, смартфон өндірісінде кең қолданылады. Жалпы сұраныстың 10 проценті ғана автонарыққа тиесілі. Бұл мәселе бізді де қыспаққа алды. Келешекте әлем халқы жыл сайын 2 млн көлік жетіспейтін дәрежеге жетеді. Оның салдарын қазірден көріп жатырмыз.

Микрочиптердің жетіспеушілігі жаһандық автоөндіріске ғана емес, көлік жабдықтарын да қысқартуға алып келуі мүмкін. Мамандар болжамы осындай. Менің айтарым осы. Экономикамыз қуатты, күндеріңіз шуақты болсын!