Президент субсидия бөлуді қатаң сынға алды

Ауыл шаруашылығын субсидиялауға қатысты жұмыстың бәрі бір ақпараттық жүйеде болуы тиіс.

Осы мақсатта ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жеке топ құрылады. Мұны Екібастұзда өткен кеңесте Президент айтты.

Жалпы бізде агросаланы субсидиялау үшін соңғы 5 жылда 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты жұмсалады. Ал оған бірыңғай бақылау жоқ. Салдарынан айтарлықтай экономикалық тиімділігін де бермейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке прокуратурамен және басқа да органдармен бірге бұл салаға кешенді сараптама жасауды тапсырдым. Оған қоғамды және шаруалардың өзін тарту керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.