Қазақстанда алдағы бес жылда 5 мұнай-газ зауыты қолданысқа беріледі

Елімізде 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

Айтуынша, мұнай-газ химиялық өнімін өндіру көлемі 140 мыңнан 2 млн тоннаға дейін артады. Нәтижесінде өнім импортының үлесі 87 проценттен 72 процентке төмендейді. Бұл ретте дайын мұнай-газ өнімдерінің экспорты 9 есеге артатын болады.

Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Сұйылтылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 80-нен 100 процентке дейін ұлғайтылады. 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 процентке дейін азайтылады. Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70 бірлікке қысқармақ. Сонымен қатар 20 операторды тарату және қайта ұйымдастыру қарастырылған.