Жамбыл облысында үшінші қант зауытының құрылысы басталды

Жамбыл облысында тағы бір қант қызылшасы зауытының құрылысы басталды. Жаңа өндіріс орнының жылдық қуаты 1 миллион тоннаға дейін балтамыр өңдеуге жетеді. Алайда қуаңшылық қысып, шаруалар қызылша егуден бас тартып жатқан аймаққа үшінші қант зауытының қажеті қанша? Оны жергілікті шаруалар шикізатпен қамтамасыз ете ала ма?

Жаңа қант зауытының құрылысы Шу ауданында жүріп жатыр. Қазір 64 гектар жер бөлініп құрылыс алаңы тегістелуде. Жобаның құны 92 миллирд теңге. Мұнда жылына 150 мың тоннаға дейін қант өндіру жоспарда.

Қайрат Асанов, зауыт инженері:

- Үш жыл зауытты саламыз. Жаңа жылға дейін осы вертикальный планикровкасын бітірейін деп отырмыз. Мына жер еркін экономикалық аймақ болғаннан кейін таможенный режим болады. Соны ограждениесін жасаймыз. 

Зауыт өкілдерінің айтуынша, нысан үш жылдан соң толық іске қосылады. Алайда қазір жергілікті шаруалар шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге дайын емес. Тәжірибелі агрономдардың өзі мұны растап отыр. Мәселен, биыл Шу ауданында бар-жоғы 905 гектар жерге қант қызылшасы егілген. Оның тек 765 гектарынан ғана өнім алынды. Ал алып зауыт толық қуатта жұмыс істеу үшін 1 миллион тоннаға дейін шикізат қажет.

Данияр Ахметов, Шу ауданының тұрғыны:

- Шаруашылықтар екті. Қуаңшылық болуына байланысты шықпай қалды да олардың бәрі қазір жоқ ол қызылшалар. Ал негізінде қант қызылшасымен жақсылап айналысса жақсы дақыл. Әр уақытта жақсы пайда алып тұруға болады.

Мәрзия Болатова, Шу ауданының тұрғыны:

- Жалпы қамти алмайды. Неге? Біріншіден, техника жоқ. Пәленше екпесе ол сах.заводың тағы тұрады. Бір апта істей ма? Істемей ма? Сосын бізге айтады. Ойбай тоқтай тұрыңдар ана жақта қанша жиналып тұр? Анау ауылда қанша? Қанша тонна бар деп.

Жергілікті әкімдік Меркі, Тараз қант зауыттарына тасмалдау тиімсіз екендігін алға тартып отыр. Сондықтан диқандар қант қызылшасын азын-аулық егетін көрінеді. Зауыт салынса Шудан бөлек Қордай тіпті Меркі аудандарының шаруалары өнімдерін осында әкелетініне сенімді. 

Бақыт Бетпаев, Шу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Зауыттың өзіне үлкен көлемде суармалы жер беру жұмыстары жүргізілуде. Осы зауыттың өзінің күшімен үлкен алқап егілетін болады. Бұрын еккен кісілердің бәрі қайтадан егеді. Негізі жылда егіп жүр. Бірақ тиімсіз болғаннан кейін азын-аулақ ғана егеді. 

Жалпы аймақта 2017 жылдары егілген қант қызылшасының көлемі 10 мың гектардан асқан. Соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш күрт төмендеп кетті. Оған дихандардың өткізген өнімдерінің ақшасын уақытылы ала алмағандығы тікелей әсер еткен. Ал биыл егілген балтамыр көлемі 5500 гектардан сәл асады. Қазір шаруалар оның 43 процентін жинап, 120 мың тоннадай өнім алды.

Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә