Қазақстанда газдың 4 трлн текше метр қоры бар

2060 жылы көгілдір отын тапшылығына тап болмаймыз ба? Қоғамды алаңдатып отырған басты мәселе осы. Себебі еліміз жақын арада көміртекті бейтарап елдердің қатарына қосылып, экологияға зияны аз қуат көздеріне көшпек.

Бұл үшін Энергетика мингистрлігі жаңа мұнай-газ қорларын ынталандыру шараларын іске қоспақ. Осылайша көмір электр станцияларын азайтуға әрекет жасайды. Ал егер елде сұйық отын тапшылығы сезілсе, оны көрші елден импорттаймыз деді энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда газ қорының көлемі 4 трлн текше метрді құрайды. Бірақ ол газды жер бетіне шығарып, өңдеуге инвестиция керек. Ал мұнай-газ қорларын ынталандыру шаралары инвестиция тартуға жағдай жасайды. Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2060 жылға қарай Қазақстан көміртекті бейтараптығына қол жеткізу керек. Ал қазіргі электр станциялардың 70%-і көмірмен жұмыс істейді. 2030-да бұл көрсеткішті 40%-ке төмендету жоспарланған.

Мұрат Жөребеков, ҚР Энергетика бірінші вице-министрі:

- Бізде екі жолы бар ол ресурсты қамтуды. Бірінші қазіргі жаңа мұнай- газ қорлары. Ол үшін қазіргі таңда үлкен газ преференцияларды дайындап қойдық. Оны осы жылы немесе келесі жылдың басында мақұлдаймыз. Екінші ол газ импорттау. Біздің қасымызда Түркіменстан бар, Ресей Федерациясы бар. Сондықтан тапшылық болып қалған кезде оны импорттаймыз.