Қытайда шығарылған заттар энергия тапшылығынан қымбаттайды

Қытайдағы электр энергиясының дағдарысы кейбір тауарлардың қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Энергия тапшылығынан көптеген зауыт фабрикалар өндірісті тоқтатуға немесе екі күндік жұмыс аптасына ауысуға мәжбүр. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымы хабарлады.

16 провинцияда қуат көзін нормалау енгізілді. Гуандун провинциясында 150 мыңға жуық компания электр қуатымен қамтамасыз ету проблемаларынан зардап шекті. Ел билігі энергия беруде өзіндік құны жоғары тауар өндірушілерге, сондай-ақ тұрғын үйлерге басымдық беріп отыр.

ING сарапшыларының пікірінше, осының салдарынан 2022 жылы Қытайдан тауар тасымалындағы үзілістер сақталады. Ал олардың құны 10-12%-ке өседі. Киім сататын дүкендердің иелері келесі көктем мен жаздың коллекцияларына мәселе қатты әсер етеді деп отыр.