433,39 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биыл 10 айда Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 500 миллиард теңге болды

  • 124
  • UPD: 10:01, 11.11.2021
Биыл 10 айда Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 500 миллиард теңге болды inform

Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд теңгеге жетсе, құрылыс көлемі 7 проценттен асқан, деп хабарлайды «Хабар 24». Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өңірде бүгінде 535,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің Жамбыл облысындағы сапары барысында баяндалды. Сондай-ақ Премьер Министр Тараз қаласындағы медициналық бұйымдар шығаратын «Әмір және Д» ЖШС-да болды. Биыл қазан айында кәсіпорын COVID-19 антигенін анықтайтын экспресс-тесттер шығара бастады. Мұнда инфекциялық ауруларды, кардиологиялық маркерлерді, есірткі заттарын, аллергендерді және басқа да диагностикалау үшін 200-ден астам экспресс-тест атауын шығару жоспарлануда. Өндірістік қуаты жылына 15 млн экспресс-тест пен 1,5 млн бақылау ерітіндісін құрайды.  Мамин «Көне Тараз» тарихи-этномәдени орталығының айналасындағы аумақты реконструкциялау жоспарымен, сонымен бірге Тараз қаласының тұрғын үй, медицина, көлік инфрақұрылымы мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін дамыту жобаларымен танысты.

Хабар 24 телеарнасы