Шығыс Қазақстан облысынан Қытайға газ экспорты тоқтатылады

Шығыс Қазақстанда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қытайға газ экспорты тоқтатылады. Қалған қор Зайсан ауданын қамтамасыз етуге қажет.

Аудан орталығы мен 9 ауыл орталықтандырылған газ құбырына қосылған. Тұрғындар қазір 31 миллион текше метр отын пайдаланып отыр. Енді тағы 8 ауылға газ жеткізіледі. Бұл елді мекендерге негізгі магистральдық құбыр тартылды. Енді ішкі желіні жүргізу үшін конкурс жарияланды. Жалпы Сарыбұлақ кен орны 2013 жылдан бері игеріліп келеді. Алынған газдың 95 проценттен астамы шет елге тасымалданды. Енді кен орнындағы көгілдір отын көлемінің азаюына орай экспортты тоқтату туралы шешім қабылданды. Осыған дейін Зайсанмен көршілес бірнеше ауданды газбен қамту жоспарланған еді.

Нұрлан Рамазанов, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Шамамен 500 млн кубқа жуық газ мөлшері қалып отыр. Энергетика минстрлігінің болжамы бойынша қалған газ мөлшері шамамен 10-15 жылға жетеді деп есептеліп отыр. Басқа аудандарға жоспарланған, бірақ жаңа айтқандай, газ көлемінің азаюына байланысты қазір қосылып тұрған 9 ауыл мен қосымша 8 ауыл қосылатын болады деп болжануда.

Сондай-ақ...