Атырауда Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы іске асады

Қазақстан мен Ресей Атырау қаласында 2022 жылдың басында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін кәсіпорын ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол интеграцияланған газ-химия кешенінің негізінде жұмыс істейді. Тараптар зауыт құрылысының жобасын іске асыруды қарастырып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчуктің кездесуінде айтылды. Өндіріс – «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларының және «СИБУР Холдинг» мекемесінің бірлескен жобасы.