Шымкентте мұнай қалдығын заңсыз сатқан кәсіпорын директоры сотталды

Шымкентте 180 тоннадан астам мұнай қалдығын заңсыз сатқаны үшін кәсіпорын директоры сотталды.

Үкім Қаратау аудандық сотында оқылды. Жеңіл пайданы кәсіп еткен азамат бюджеттік төлемдерді айналып өтіп, рұқсат құжатынсыз мазутты сатумен айналысқан. Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі кәсіпкерден 17 миллион теңгеден астам сомаға отынды сатып алған. Енді артық асаймын деп, жеңіл олжаны ойлаған кәсіпкер 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.