Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда көлемі артып келеді

Қазақстан сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Брюссельге жасаған екі күндік сапары барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды және жаһандық алаңдарда өзара әрекеттесу аумағын дамыту жолдары талқыланды.

Одақ және Еуропарламент өкілдерімен кездесуде тараптар Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-министрлік конференцияның міндеттері мен мақсаттары жөнінде пікір алмасты. Бұл іс-шара осы айдың соңында Қазақстанның төрағалығымен Женевада өтуі тиіс. Пандемияға қарамастан Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда көлемі өсіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы 8 айында ол 19 млрд доллардан асты. Бұл өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 15 процентке көп.

Бернд Ланге, Еуропарламент халықаралық сауда комитетінің төрағасы: 

- Қазақстан мен Еуроодақ арасында ынтымақтастық пандемия кезінде де жоғары деңгейде болды. Баршаға ауыр тиген 2020 жылы да Қазақстан Орталық Азиядағы ең маңызды сауда серіктесіміз болып қала берді. Дүниежүзілік сауда ұйымының министрліктер конференциясының төрағасы ретінде Қазақстан бұл іс-шараны ұйымдастыруда маңызды еңбек атқарып келеді. Басқосуда қазбалы отын өндіру саласында субсидияларды қысқарту және ауыл шаруашылығына қомақты қаражат салу мәселелерін талқыға салу маңызды. Әлемде вакциналау қарқынын үдете түсу үшін бізге сауда мен өзара көмек жөнінде нақты келісімшарт қажет. Сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Париж климаттық келісім аясында дауларды шешу тетігін жетілдіру керек.