Қазақстан экономикасы пандемиядан кейін қайта көтерілді

Биыл өңделген тауар экспорты 25,5 процентке артты. Бұл туралы Үкімет басшысы Сенат отырысында мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Асқар Маминның айтуынша, отандық өнім шетелде жоғары сұранысқа ие. Яғни Қазақстанда ел экономикасы қалпына келіп жатыр. Мұны халықаралық қаржы институттары растады. Олар еліміздің несиелік рейтингін төмендеткен жоқ. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– Өткен 10 айдың көрсеткіштері бойынша ел экономикасы 3 жарым процентке өсті. Соның ішінде негізгі драйверлер: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және шетелдік инвестициялар өсті. Тау-кен саласын ескермесе, негізгі каптиал 14 процентке өсті. Былтыр да осы көрсеткіштер өсті.