2022-2024 жылдарға арналған бюджет туралы заң қабылданды

Парламент 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады.

Атап өтейік, қарашаның 18-інде заң жобасы Сенатта қаралған еді. Сол кезде құжатқа 107 түзету енгізілген. Сөйтіп қазынадан бөлінетін қаржы көлемі 2022 жылы 64 жарым миллиард теңгеге, 2023 жылы 15,1 миллиардқа, ал 2024 жылы 6,4 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Болжам бойынша келесі жылы елдің экономикасы 3,9 процентке өседі. Инфляция 4-6 процент деңгейінде болады. Түзету енгізілген заң жобасын бүгін Мәжіліс мақұлдады.