Мобильді аударымдар үшін салық төлеуге тура келеді

Енді мобильді аударымдар үшін де салық төлеуге тура келеді. Сенат осындай заң жобасын қабылдады.

Егер Президент осы құжатқа қол қойса, кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін жеке шот ашуға міндетті болады.

Жаңа заңға «мобильді төлемдер» түсінігі енгізілген. Енді клиенттер алған тауарларының ақысын, кәсіпкерлер ашқан әлгі шотттарға жібереді. Банктер де салық органдарына қажет ақпарат беруге міндетті болады. Заң жобасын әзірлегендер пандемия кезінде отандастарымыздың дені мобильді аударымдар арқылы есеп айырысып келді дейді. Одан түскен табыстан кәсіпкерлер салық төлемеген. Ал бұл көлеңкелі табыс болып есептеледі. Сондықтан депутаттар мұны заңдастыру қажет деген бастама көтерген.

Марат Сұлтанғазиев, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Мәселен, бір адамға бірнеше адамнан тұрақты түрде ақша аударымдары жасалып тұрса және ол бір аптаға, тіпті бір айға дейін созылатын болса, бірден салық ограндары қызметкерлерінің назарына түседі. Ондай кезде мамандар әлгі адамның немен айналысатынын жіті тексереді. Тіпті банктерден қажет ақпарат алады.

Сондай-ақ...