Шымкентте өндірістік қуатты кеңейту мәселелері талқыланды

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен Шымкентте мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын кеңейту және көрсеткішті орындау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жиын барысында мұнай өңдеу зауытын кеңейту кезінде тасымалдауды қамтамасыз ету шаралары да жан-жақты сөз болды. Ведомство басшысы кеңес қорытындысы бойынша зауыттың қайта өңдеу қуатын ұлғайтудың техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісу жөнінде тапсырма берді. Сол арқылы зауыт жылына 12 миллион тонна мұнай өнімдерін шығара алатындай жағдайға жетуі тиіс. Сапар барысында министр майлау материалдарын өндіру зауытын аралап, мұнай-химия комбинатына да барды.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР энергетика министрі:

- Ағымдағы жөндеуге 30 күн сұрап отырсыздар. Ол өте көп деп есептеймін. Жөндеу жұмыстарын өткізу мерзімін де қайта қарастыру қажет. Шымкент - жылы өңір. Сол себепті ағымдағы жөндеуді қазан айына белгіледіңіздер. Оны бірлесе отырып келісіп, әрі қарай жылжытқан жөн.