Оралда кәсіпкер әйелдердің форумы өтті

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкер әйелдердің форумы өтті.

Жиынға  Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген қыз-келіншектер қатысты. Бизнес өкілдері өздері өндірген тауарды көрмеге қойды. Пікір алаңында саланың өзекті мәселелері мен жетістіктері талқыланды. Өңірде кәсіпкерлердің 40%-і әйелдер. Олардың көбі шағын бизнеспен табыс тауып жүр. Ал орта және ірі кәсіпке бет бұрғандар қатары саусақпен санарлық. Форумда дәл осы мәселе де қозғалды. «Ең ұтымды жолы – ортақ кооперативтер құру» дейді мамандар.

Зүлфия Көбеева, кәсіпкер: 

- Бұл әйелдер кооперативінің негізгі мақсаты - кәсіпкерлерді біріктіріп, өзіміз өндірісті бастап, болған жұмыстарымызды бірге жасауға, бизнесімізді дамытуға. Багдановка ауылында жер телімін алдық. Сол жерде біздер сүт өнімдерін шығарамыз деп сүт цехын аштық. Құрылыс басталды.

Гүлпәш Айдарханова, Ақтөбе облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Әрбір кәсіпкер әйел отбасының жағдайын жасайды және өздерінің кәсіптерін ашып жатыр деп айтқым келеді. Сол экономиканың дамуына біздің кәсіпкер әйелдер үлес қосты. Осындай кездесулер өте маңызды. Біздер кәсібімізді үлкейткіміз келеді. Үлкейту үшін бір-бірлерімізбен танысып, бір-бірлерімізбен үлкен жұмыс жасау үшін кездесуге келіп отырмыз деп айтқым келеді.