435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-да есепте тұрған сотталғандар кәсіп ашты

  • 135
  • UPD: 15:40, 28.11.2021

Солтүстік Қазақстан облысында есепте тұрған 4 сотталушы кәсіп ашты. Олар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курсынан өтіп, қайтарымсыз қаржы алды. Мерзімінен бұрын босап шыққандар,, қандай істен береке тауып отыр? Оны әріптесім Айдарбек Айтмұхамбетұлы біліп қайтты.

- Күніне 2 рет, 2 мезгіл тамақ береміз. Таңертең, кешке...

Майрамбай Смағұлов шалыс қадам басса да, тура жолдан тайған жоқ. Мерзімінен бұрын босап шыққан ол, жаңа өмір бастауға бел буды. Кәсіпкерлік курсынан өтіп, Булаев қаласынан шағын құс фермасын ашты.

Майрамбай Смағұлов, есепте тұрған сотталушы:

- 100 балапаннан бастап, алдында алғанымыз инкубатордан алатынбыз Петропавлдан балапандардарды. Биылдан бастап өзіміз шығарып жатырмыз. Өзіміздің инкубаторымыз бар. Мың жұмыртқаға.

- Дайын болды. Енді шығаруға болады...

Шухрат Ахметов те табыс көзін тапты. Ол шетел азаматтарын шекарадан заңсыз өткізгені үшін 7 жылға сотталған. Түрмеде нан пісіріп үйренген жігіт наубайшылық икемін бостандықта жалғастырды.

Шухрат Ахметов, есепте тұрған сотталушы:

- Мен өзім пекарняда жұмыс істегем баяғыда. Сол интернеттен осы тандырды көріп, өзім бір қызығып, азғантай қамырмен жұмыс істеп, сол ұнады өзіме. Бүгін 80 істедім. 80, болады 100.

Өз ісін енді бастаған кәсіпкерлерлер алған қаржыларын қайтармайды. Бұл «Бастау Бизнес» жобасының гранты. Өңірде оның игілігін есепте тұрған 4 сотталушы көрді.

Мұхамедияр Исин, Мағжан Жұмабаев ауданы ПҚБ аға инспекторы:

- Жылдың басынан бастап 105 сотталғанға 230 әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Олардың ішінде 2 сотталған «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқу курсынан өтіп, мемлекеттен оларға 200 АЕК мөлшерінде грант бөлінді. Бөлінген ақшаға олар өз кәсіптерін ашып, бүгінгі күні халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде. 

Мемлекеттің қолдауы сотталған адамдардың үміт отын жақты. Бұл олардың қоғамға тез сіңісіп, өмірде өз орнын табуға септігін тигізеді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы