Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді

Оңтүстік Африкада коронавирустың «омикрон» штамының анықталуы және Африкамен арадағы әуе қатынасына салынған шектеулер теңгенің әлсіреуіне ықпал етті.

Нақтырақ айтқанда, дәл осы шектеулердің салдарынан әлемдегі мұнай бағасының түсіп, акциялар бағамының өзгеруі мен дамушы елдердегі валюта құнсызданды. Оған қоса Еуропаның үш бірдей елінде коронавирус жұқтыру дерегі күрт артқандықтан локдаун жарияланған. Осының бәрі теңгеге әсер етпей қоймады. Мұндай түсініктемені Ұлттық банктің монетарлық операциялар жөніндегі департаменттің директоры Нұржан Тұрсынханов беріп отыр.

Айтуынша, мұнайға деген сұраныстың күрт төмендеу ықтималдылығына байланысты әрі жаңа шектеулердің салдарынан Брент маркалы мұнай бағасы дерлік 12 %-ке төмендеді. Яғни оның бағасы барреліне 82,2 доллардан 72,7 долларға дейін арзандады. Нұржан Тұрсынханов келтіргендей, сыртқы әсерлерге жауап ретінде бүгін доллар бағамы 433,5 теңгеге бағаланды. Яғни өткен жұма күнімен салыстырғанда теңге 0,4% -ке әлсіреген.

Сондай-ақ...