Шаруаларға бөлінген субсидияны ұрлағандар шетінен қамалып жатыр

Елде шаруаларға бөлінген субсидияны қалтасына басқандар шетінен қамалып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 54 істі зерттеп жатқандарын айтты. 22 адам күдікті деп танылған екен. 14-і қамауда отыр. Мамандар қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 11-і лауазымды тұлға екенін айтады. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 2,6 млрд теңгеден асады. 

Марат Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Агенттік агросаясатқа еш араласпайды. Біз маман емеспіз, фермер емеспіз. Біз үшін бюджет ақшасының ұрланбауы және онда жемқорлықтың болмауы маңызды. Ең бастысы, субсидияларды шынымен лайықты, өндірісті дамытып, жұмыс орындарын құрып, халық үшін өнімді арзандатып, ел экономикасын көтеретіндер алуы керек.