9 желтоқсан күні Үкімет отырысы өтеді

9 желтоқсан күні Үкімет отырысы өтеді
Sputnik Қазақстан

Бейсенбі күні, 9 желтоқсанда, сағат 08:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; 2021 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 8 желтоқсан күнгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет. Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.