Теңге құнын жоғалтпайды

Теңге неге құнын жоғалта береді? Үкіметтің отырысында Ұлттық банк төрағасы бұған коронавирустың жаңа түрі себеп болды дегенді айтты.

Омикрон Америка мен Еуропаға жетті деген хабар тараған соң, әлемде мұнай бағасы күрт құлдырады. Қара алтынның бір баррелі 65-66 долларға дейін арзандады. Осы фактор теңгенің әлсіреуіне алып келді, – дейді Ерболат Досаев. Оның айтуынша, енді төл ақшамыз құнын одан әрі жоғалтпау үшін валюталық интервенция жүргізіліп жатыр. Соңғы рет мұндай әдіс былтыр қазан айында қолданылған.