Елімізде жыл басынан 12 мың тонна тауарлық балық өнімі өндірілді

Елде балық өндірісін 2030 жылға қарай жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Саланы жетелдіру мақсатында мыңнан астам шаруашылық құрылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Мәселен, биыл елде балық өнімдері 12 мың тоннаға жетті. Жыл соңына дейін тағы 800 тонна өндіру жоспарда бар. Сонымен бірге балық аулау көлемі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3%-ке өскен. Осы жылы агроөнеркәсіп кешенінде балық өндіру бойынша жалпы құны 3,2 млрд теңгеге тең 9 инвестициялық жоба іске асырылды.