Нұр-Сұлтан кәсіпорындарының өнімдері шетелде сұранысқа ие

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ кәсіпорындары өз өнімдерін Еуроодақ, ТМД, Қытай, Түркия елдеріне белсенді түрде экспорттайды, деп хабарлайды Хабар 24. қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тек соңғы үш жылдың ішінде елордалық АЭА кәсіпорындары өндірілген өнім көлемін 345 млрд-тан 800 млрд теңгеге дейін арттырды. Экспорттық әлеуетті дамыту – Қазақстан экономикасының басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар шетелге біз тек шикізатты ғана емес, дайын өнімді де сатамыз.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай өңделген өнім экспортын бір жарым есеге арттыруды тапсырды. Үкімет бұл міндетті мақсатты түрде шешіп жатыр. Премьер-министр жақында берген сұхбатында, тіпті өткен жылы, экономикада қиын кезеңдер болған кезде, өңдеуші сектордың 4%-ке өскенін, ал 2021 жылдың жарты жылдығында ол 5,5%-ті құрағанын атап өтті.

Соңғы үш жылда «Астана – жаңа қала» АЭА кәсіпорындарының экспорты 3 млрд теңгеден 28 млрд теңгеге дейін өсті. Экспорт географиясы да өсуде. Нұр-Сұлтан аумағында Еуроодақ елдеріне, Қытайға, Түркияға, сондай-ақ ТМД елдеріне өнім жөнелтетін экспортқа бағдарланған 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді.