434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанға Грузиядан жіберілетін мандарин экспорты 4 есе артқан 

  • 104
  • UPD: 19:16, 18.12.2021
Қазақстанға Грузиядан жіберілетін мандарин экспорты 4 есе артқан 

Грузияда мандарин экспортының көлемі өсті. Қысқы маусымда шетел нарығына жемістің 23 мың тоннасын жіберді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның құны 11 миллион доллар төңірегінде. Пандемияға қатысты қиындықтарға қарамастан екі жылда мандарин экспорты артып келеді. Оны ең көп сатып алатын елдер қатарында Ресей, Армения, Молдова, Украина мен Қазақстан бар. Биыл біздің елге жеткізілген грузиялық мандарин мөлшері едәуір артқан.

Георгий Сурманидзе, Аджария ауыл шаруашылық министрі:

– Өткен жылмен салыстырғанда биыл өнім жақсы шықты. Сапасы да тәуір. Экспорт көлемі екі жарым есе артты. Мысалы, былтыр Қазақстанға 50 тонна мандарин жіберсек, биыл бұдан 200 тоннаға артық экспорттадық. Қазақстан нарығы біз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы