Отандық өңдеу өнеркәсібін шикізатпен қамту тетігі енгізіледі

Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында қаралған «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында айтылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Қолданыстағы нормалар бойынша бұл сала жұмысына жіті көңіл бөлінбейді. Енді мемлекет басшысының тапсырмасымен өнімді қайта өңдеушілерді отандық шикізатпен қамтамасыз ету механизмі енгізіледі. Ол үшін шикізат өндіруші, қайта өңдеуші және салалық мемлекеттік орган арасында үшжақты келісімге қол қойылады. Заң баға саясатын да бақылайды.

Еске салайық, Қазақстанда әу бастан шикізат өндіруші мемлекет деген ұғым бар. Кеңес үкіметі кезінен бүкіл одақты қамтамасыз еттік. Қазба байлық тікелей шетел асатын. Қазір де біздегі бизнес өнімді еш өңдеместен, сыртқа сатуға бейім. Салдарын өңдеуші кәсіпорындар тартып келеді. «Мәселені шешуге жаңа заң көмектеседі», – дейді депутаттар.