Сенатта банктердің стресті активтерінің деңгейін төмендету мәселелері талқыланды

Сенаторлар екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерінің деңгейін төмендету және оларды экономикалық айналымға тарту мәселелерін қарады. Осы мәселелерді талқылау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мен банк секторының субъектілері кездесуге шақырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осы бағытта жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өткен болатын, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы тиісті заңнамалық базаны әзірлеуді тапсырды. Президенттің стресті активтердің деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысымен танысу кездесудің басты мақсаты болып отыр.

«Банк жүйесінің активтерінде стресті активтерді бағалау мөлшері 7,1%-ті құраса да, салалық агенттіктің пікірінше, Қазақстанның қаржылай тұрақтылығына қауіп төндірмейді, өйткені нарықтық әдістермен экономикаға қайтарылуға тиіс көлемі елеулі стресті активтер бар, сөйтіп несие беруді одан әрі жалғастыру үшін капитал босатылады», – деп атап өтті Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина өз сөзінде.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі сенаторларға стрестік активтердің деңгейін төмендету жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Оның айтуынша, 2026 жылдың басында стресті активтердің ағымдағы деңгейі 2,7 триллион теңгеден 0,9 триллион теңгеге дейін төмендеуі тиіс.

Кездесуге қатысушылар екінші деңгейдегі банктердің стресті активтерін сатып алу және одан әрі сату мәселелерін, сондай-ақ осы нарықты дамытуға қажетті алғышарттарды талқылады. Шарада стресті активтерді уәкілетті сатып алушылардың тізімін кеңейту, сервистік компаниялар институтын құру, реттеушілік тәртібін қатаңдату және басқа да бірқатар ұсыныстар айтылды.

«Бұл ұсыныстар стресті активтер нарығын дамыту бойынша әзірленіп жатқан заңда көрініс тапқаннан кейін банк жүйесін сауықтыру ісіне жаңа серпін береді», – деп мәлімдеді Ольга Перепечина отырыс соңында.