Ел бюджетін тиімді пайдалану ережелері бекітіледі

Бүгін Сенат депутаттары тиісті заң жобасын қарап, бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Хабар 24.

Құжатқа сәйкес Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер мұнайдан түсетін табыстан аспайды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, қазынадағы әр тиын саналып, шығын қатаң бақылауға алынады. Ал қаржыны мақсатты пайдаланбағандар жауапқа тартылады. Заң жобасында банк, борышкер мен сот орындаушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттеу тетіктері де бар. Мәселен, енді қарызын өтей алмаған азаматтар тыйым салынған мүлкін өз бетімен саудаға шығаруға құқылы болады. Сондай-ақ  мобильді төлемдер, акциздік маркалар мен алкоголь өнімдерінің бағалары да осы құжатпен реттеледі. Жеке тұлғаның кірісі мен мүлкі туралы декларацияны тексеруді алып тастау туралы нормалар да осы заңның жобасында қарастырылған.