Газ бағасын нарық реттейді – Сарапшы

Газ бағасы одан әрі көтерілуі мүмкін. Мұндай құбылыс әлемде байқалады.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов осылай дейді. Оның пікірінше, жер қойнауын пайдаланушылар энергия тасымалдаушыларды үнемі субсидиялай алмайды. 

Олжас Байділдинов, «Байдильдинов. Нефть» авторлық бағдарламасының жүргізушісі:

- 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы ақпаратқа сүйенсек, Жаңаөзендегі орташа жалақы 505 мың теңге. Бұл жалпы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. Соған қарамастан тұрғындар сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап етіп отыр. Жаңаөзен - Қазақстанның бір бөлігі. Ал Қазақстан аймақтық және жаһандық экономиканың бір бөлшегі. Сондықтан біз нарықтық жағдайды біле отырып, мұндай жеңілдік жасай алмаймыз.