Ірі дүкендерге келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр

Елдің кей қалаларында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан ірі дүкендерге миллиардтан астам шығын келген.

Сауда желілері одағының мәліметінше, бұзақылар азық-түлік компаниясының 23 желісіне шабуыл жасап, 12-сін тонаған. Сондай-ақ Алматы мен Талдықорған қалаларындағы ірі тұрмыстық техника дүкенінің 14-і қирады. Өзге де 11 сауда орнының тас-талқанын шығарған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 10,5 миллиард теңгеге жуық. Бүлікшілер киім, ломбардтар мен қоғамдық тамақтану нысандарын да тонаған. Орал мен Шымкент қалаларында да зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілері бар.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?