«Атамекен» ҰКП сall-орталықтарына 755 қоңырау рет түскен

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сall-орталықтарына 755 қоңырау түскен.

Әсіресе тонау бойынша 503 кәсіпкер хабарласқан. 7 қаңтар күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 662 нысанда, оның ішінде 14 ірі сауда үйінде 519-ға жуық бұзушылық фактісі анықталды. Сондай-ақ «КАРАМСАК» қауымдастығының ақпараты бойынша, Алматы қаласында 6 қару-жарақ дүкені тоналған. Залалдың жалпы сомасы шамамен 44 млрд теңгеден асты. Лаңкестік шабуылдың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Гоголь, Сәтпаев, Төле Би, Назарбаев, Абай көшелеріндегі сауда орындары тоналған. Зардап шеккен бизнес субъектілері туралы ақпарат жинау жұмыстары жалғасып жатыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?