Төтенше жағдай режимі кезінде фискалды чектің орнына тауар чегін беруге болады

Кәсіпкерлер төтенше жағдай режимі кезінде фискалды чектің орнына тауар чегін бере алады.

Интернет желісінің жұмысындағы уақытша ақауға байланысты бизнесмендер бақылау-касса аппараттарының фискалдық чектерін онлайн басып шығара алмай отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті электр энергиясы болмаған немесе кассалық аппаратта ақау болған жағдайда сатушылар тұтынушылар мен клиенттерге тауар чектерін бере алатынын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын салалық ведомство 5-19 қаңтар аралығында шот-фактурада техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды. Салық төлеушілер шот-фактураны қағаз күйінде жазып беруге және елдегі жағдай тұрақталғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде оларды электрондық базаға енгізуге құқылы. Айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?

Сондай-ақ...