Бүліктен бизнеске келтірілген шығын көлемі 88 млрд теңгеден асты

Бүліктен бизнеске келтірілген шығын көлемі шамамен 88 млрд теңгеден асты.

Мұның 87 миллиарды Алматыға тиесілі. Қазір еліміздің 10 өңірінде зардап шеккен 920 кәсіпкерлік субьектісі анықталды. Нысандардың басым бөлігі Алматыда орналасқан.  Сағат таңғы 9-ға дейін арнайы колл-орталыққа 1622 қоңырау келіп түсті. Мыңға жуық шағым мародерлікке, ал 23 қоңырау оқыс жағдайға байланысты шалынған. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті