435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сбер Банктің мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр

  • 47
  • UPD: 09:32, 11.01.2022

СберБанк Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) мен Қазақстан Ұлттық банкінің көмегімен мобильді қосымшаның жұмысы қалпына келтірілгенін, енді оның интернетсіз жұмыс істейтінін хабарлайды.

Банк филиалдарының бас офистерінің бөлімшелеріндегі банкоматтарды Қазақстанның барлық аймақтарында штаттық тәртіпте қолдануға болады, ал Алматы және Алматы облысында банкоматтардың жұмысы елдегі жағдай тұрақталғанда қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ Банк терроризмге қарсы операциялар барысында қаза тапқан әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарындағы клиенттердің қолданыстағы несиелерін кешіреді.

СберБанк қайтыс болған азаматтардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Сонымен қатар қаңтар айының соңына дейін заңды және жеке тұлғалардың несиелері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуді тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Хабар 24 телеарнасы