loader

Алматыда бағдаршамдарға келтірілген шығын көлемі – 72 млн теңге Tengrinews

Алматыда бағдаршамдарға келтірілген шығын көлемі – 72 млн теңге

Қақтығыс кезінде қала ішіндегі 40 бағдаршам істен шыққан.

Бұл туралы қаланы қалпына келтіру штабының өкілдері хабарлады. Келтірілген шығын көлемі - 72 миллион теңге. Мамандардың айтуынша, бүлікшілер көбіне бағана мен таблоны қиратып тастаған. Сонымен қатар кабельге де зақым келтірген. Қазір Сейфуллин даңғылы, Момышұлы мен Манас көшелеріндегі бағдаршамдар қайта іске қосылды. Абай даңғылында жүріп жатқан жұмыстар да аяқталуға таяу. Әзірге Гагарин көшесімен қиылыстағы бағдаршамды іске қосу мүмкін болмай тұр. Ал Төле би көшелесіндегі жөндеу жұмыстары көп ұзамай аяқталады.

Сондай-ақ...